Өңірлер

Қазақстанда бейсенбіде найзағайлы жауын және бұршақ жауады

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтунөсер жауын
нөсер жауын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, кей жерлерде желдің күшеюі, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады, қиыр оңтүстікте шаңды дауыл болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызмемті. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с, жекелеген аудандарда шаңды дауыл болады.

Ақмола, Павлодар, Солтүстік  Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, Солтүстік-Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман тұман болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман болады. Алматы, Қызылорда облыстарында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Кызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, кей жерлерде Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Жаңалықтар
0