Қоғам

Еуразия ұлттық университеті ТМД-ның ең үздік жоғарғы оқу орны атанды

© Sputnik / Болат ШайхиновЕҰУ
ЕҰУ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордалық университет былтырғы жылғы көрсеткішінен асып түсті

АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Quacquarelli Symonds британдық агенттігінің халықаралық рейтингінде 35-орын иеленіп, ТМД-ның ең үздік жас жоғарғы оқу орны атанды. 

"QS Top 50 Under 50 рейтингі жылма-жыл жарияланып, негізі қаланғанына 50 жыл толмаған жас университеттерді таңдап алады. Рейтингке академиялық деңгейі, жұмыс берушілер арасындағы беделі,ЖОО қызметкерлері мақалаларының дәйексөз ретінде келтірілуі, шетелдік оқытушылардың саны әсер етеді", — деп жазады агенттік сайты.

ЕҰУ осы рейтингке кірген Қазақстанның жалғыз университеті. Барлығы 150 ЖОО қамтылған, олардың 50-ден астамы Азияда. Былтыр ЕҰУ 37-ші орынды иеленіп, ТМД елдері арасында көш бастаған болатын.  


Жаңалықтар
0