Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

© Sputnik / Болат Шайхиновжауын
жауын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ болуы мүмкін, кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік-батыста тұман болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі. 

Ақмола, Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, күндіз Қостанай Солтүстік  Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Кызылорда Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Жаңалықтар
0