Қоғам

Қамауға алынған Тоқмәдидің жары тағы да халыққа үндеу тастады

© Sputnik / Болат ШайхиновЖәмила Айымбетова-Тоқмәдидің парақшасы
Жәмила Айымбетова-Тоқмәдидің парақшасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бопсалады деген күдікпен қамауға алынған Мұратхан Тоқмәдидің әйелі мәлімдегендей, оларды туған-туыстарымен күнкөріс қаражатынан айырып, күйеуіне қарсы куәгер болуға мәжбүрлеуде

АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі, танымал тілші, баспагер әрі қоғам қайраткері Жәмила Айымбетова-Тоқмәди күйеуінің қамауға алынуы туралы жаңа мәлімдеме жасады.

Мұратхан Тоқмәди - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қамауға алынған кәсіпкер Тоқмәдидің әйелі күйеуінің атынан халыққа үндеу тастады

Әйел адам Facebook парақшасында баяндағандай, Тоқмәдиге жалған айып тағу іс бойынша оқиға желісі "шапшаң өрбіп барады".  

"2017 жылы 12 маусымда күйеуімді қамауға алды, ал 15 маусымда қамауға алу мерзімін екі айға ұзартты. Үйімізді тінткенде менен басқа тергеушілер мен қарулы арнайы жасақ қана болған еді, орган қызметкерлерінің бірі тапанша, мылтық пен оқ-дәріні білдірмей тастап кеткен", — деп жазады ол.

Оның айтуынша, үйді тінту барысында адвокаттарды да, туған-туыстарын да кіргізбей қойған. 

Айымбетова-Тоқмәди атап өткендей, екі апта бұрын адвокаттардың қатысуынсыз жабық сот отырысы өткізіліп, судья олардың отбасы мен жақын туыстарының, таныстарының бар мүлкіне тыйым салған.

"Қанша адамның өмірі тығырыққа тірелді. Көпшілігі күнкөріс көзінен айырылды. Мұның бәрі қорқытып-үркітіп, Мұратханның туған-туыстарын жалған куәгер болуға мәжбүрлеу үшін жасалып отыр", — деп сенеді әйел.

Ол Мұратханның алыс туысы – Бекеннің Youtube желісіне жариялаған мойындау мәлімдемесі де жалған екенін айтты.

 

Қазақстанның арнайы қызметтері дүйсенбі 12 маусым күні "ҚазШыныҚұрылыс" бас директорының кеңесшісі Мұратхан Тоқмәдиді Алматыдағы арнайы операция барысында ұстаған. Кәсіпкер қылмыстық әрекетерімен 185 миллион 137 мың 246 теңге материалдық шығын келтірді деген күдікке ілінген. Сот бұлтартпау шарасы ретінде Мұратхан Тоқмәдиді екі айға қамауға алуға шешім қабылдады.

Жаңалықтар
0