Өңірлер

Демалыс күндері елімізде нөсер жауын жауады

© Sputnik / Болат Шайхиновнөсер жауын
нөсер жауын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

АСТАНА, 15 шілде — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді, жекелеген аудандарда түнде және таңертең тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.  

Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең кей жерлерінде тұман болып, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі.  

Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Жаңалықтар
0