Өңірлер

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуҚұбылмалы ауа райы
Құбылмалы ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің өңірлерінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін, кей жерлерде жел тұрады, батыс пен оңтүстікте – ауа райы жауын-шашынсыз

АСТАНА, 17 шілде  — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлады Қазгидромет баспасөз қызметі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ түседі, желдің екпіні – 15-20 м/с, түнде кей жерлерде тұман.

Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жауады, Павлодар, Қарағанды облыстарында – желдің екпіні – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні – 15-20 м/с, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.

Күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні – 18 м/с.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жаңалықтар
0