Өңірлер

Еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазгидромет 18-20 шілдеге арналған ауа-райы болжамын жариялады

АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Құбылмалы ауа-райы республикамыздың шығыс бөлігінде әлі де сақталады. Батыс Сібір аймақтарынан келетін ылғалды және салқын ауа ағындары ауа райына ықпал етеді. 

Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді желдің күші 15-20 м/с болып, күндіз бұршақ түсуі ықтимал.

Ауа температурасы шамамен 20-27°С, қалыпты нормадан 2-4ºС төмен болады деп болжанып отыр.

Республиканың  батысы мен оңтүстігінде жоғары қысым аймағы әсерінен күн жауын-шашынсыз, ауа температурасы нормаға жуық және жоғары болады деп күтілуде.  

Қазақстанның оңтүстік-шығысында, әсіресе, таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. 


Жаңалықтар
0