Қоғам

Коммуналдық қызмет көрсетулер түбіртегіне не себепті мүлік салығы енгізілмеген?

© Photo : Brandi DayКірістер
Кірістер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, биылғы салықты келер жылғы қазан айына дейін төлеуге болады

АСТАНА, 18 шілде — Sputnik. Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті коммуналдық қызмет көрсетулер түбіртегінде 2017 жылғы мүлік салығы не себепті көрсетілмегенін түсіндірді.

Жер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр жылына қанша адам 10 сотық жер алатынын айтты

Ведомство мәліметінше, бұл мәселе, салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, мүлік және жер салығын төлеу мерзімдерінің жылжуына байланысты болып отыр.

"Бұрын жеке тұлғалар мүлік салығын есеп беру жылының 1 қазанына дейін төлеуге тиіс болатын (яғни, 2016 жыл үшін мүлік салығы 2016 жылғы 1 қазанға дейін төленуі керек еді). Ал 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап, жеке тұлғаларға қолайлы болу үшін, төлеу мерзімі бір жылға ұзартылды – есеп беру жылынан кейінгі жылдың 1 қазанына дейін. Демек 2017 жылғы салықты 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеуге болады", — деп атап өтті салық органдары.  

Мемлекеттік кірістер департаментінің пікірінше, бұл  мүмкіндік жылжымайтын мүлік иесі өзгерген кезде салықты қайта есептеуді жеңілдетеді.

Тағы бір ескеретін жайт, салықты есептеу үшін мүлік пен жер құнын бағалау процестері келер жылғы 1 шілдеге дейін жүргізіледі. 

"Сол себепті салық сомасы, 2017 жылғы мүлік иелерінің ауысуы туралы ақпаратты ескере отырып, 2018 жылғы түбіртектерде көрсетіледі", — деп атап өтті ведомство.

Жаңалықтар
0