Мәдениет

Биыл отызға жуық отандық фильм түсіріледі

Жазылу
Олардың қатарында біздің заманымыздың қаһармандары туралы баяндайтын кинотуындылар бар

АСТАНА, 19 шілде — Sputnik. "Мәңгілік Ел" кешенді жоспары аясында 2017 жылы 28 фильм түсіру жоспарланып отыр.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлағандай, 2015 – 2020 жылдарға арналған "Мәңгілік Ел" кешенді жоспарына сәйкес 2017 жылға 28 фильмнің өндірісі қарастырылған (15 көркем фильм, 10 деректі фильм, 2 анимациялық фильм, 1 дебютті фильмдер циклі). Олардың қатарына еліміздің ежелгі кезеңінен бергі тарихы, қазақстандық мәдениет, еліміздің қазіргі заманғы өмірі, тарихи тұлғалар мен азаматтар – "біздің заманымыздың қаһармандары" туралы баяндайтын "Сұлтан Бейбарыс", "Қазақ елі-2", "Томирис", "Асанәлі Әшімов", "Алаштың жүз жылдығы", "Балуан Шолақ" фильмдерін жатқызуға болады. 

Галактика сақшылары. 2 бөлім фильмінің қазақ тіліндегі алдын ала көрсетілімі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тағы бір голливудтық фильм қазақша сөйледі

Кинематография саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында отандық фильмдер әртүрлі халықаралық кинофестивальдерге тұрақты түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

Атап айтқанда, "Аманат", "Құнанбай" фильмдері София қаласындағы (Болгария) "Фокус на Центральную Азию" бағдарламасында және "Анаға апарар жол" фильмі – Қырғызстанның АКИЛБИС атты ұлттық кинематографиялық сыйлығы аясында "Орта Азияның үздік фильмі" атанса, "Жол" фильмі Красногорск қаласында (Ресей) 15-ші спорттық фильмдер фестивалінде "Үздік сюжет" номинациясының жүлдесін жеңіп алды.

Архивное фото соревнований по скачкам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан жылқы туралы деректі фильм түсіреді

"Оралман" фильмі Тегерандағы (Иран) "Fajr international film festival" фестивалінде "Үздік азиаттық фильм" жүлдесін жеңіп алды.

Каирде (Египет) өткен халықаралық кинофестивальге "Қазақ елі" анимациялық фильмі қатысып, "Ең үздік толықметражды анимациялық фильм" жүлдесін, мақтау сертификатын және "Ең үздік музыка" төсбелгісін жеңіп алды.

Сондай-ақ, Францияда өткен 70-ші Канн кинофестивалінде отандық киноиндустрия тарихында алғаш рет Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды.


Жаңалықтар
0