Оқиға

Алматы облысында жеткіншек қыз үйінен кетіп, жалдамалы пәтерде тұрды

CC0 / / жеткіншек
жеткіншек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі күн бойы өздері іздеп таба алмаған қыздың ата-анасы полицияға көмекке жүгінді

АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Алматы облысының полицейлері бір апта бұрын ата-анасының үйінен қашып кеткен 14 жасар қызды тауып алды, өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Қарасай ауданының Іргелі ауылының оқушысы ата-анасымен ұрсып қалған соң қайта оралмайтыны туралы хат жазып тастап, үйінен 12 шілдеде қашып кетті. Туыстарының өз бетінше жүргізген іздеу шаралары нәтиже бермеген соң, 15 шілдеде ата-анасы көмек сұрап, полицейлерге жүгінген. Жеткіншек қыздың осы уақыт бойы Талғар ауданында жалдамалы пәтерде жасырынғаны анықталды. Жедел шаралары барысында қарасай аудандық полициясы қызметкерлері жедел шаралары барысында оны алматылық түнгі клубтардың бірінің маңынан тапты. Қыз аман-есен ата-анасына берілді", — деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінде. 

Белгілі болғандай, бұл жеткіншектің үйінен кетуінің алғашқы жағдайы емес екен.  Ата-анасымен полицейлер баланы дұрыс тәрбиелеуге қатысты профилактикалық сұхбат жүргізді. 


Жаңалықтар
0