Қоғам

Қытайлық туристердің Қазақстанға қызығушылығы қандай?

© Sputnik / Асем МиржекееваҚытай
Қытай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жылы Қытайдан Қазақстанға 117 мың турист келген

АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. Қытайлық туристердің Қазақстан экономикасына әкелер табысы туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Асқар Баталов айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

демалыс орны - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Шетелде демалатын қазақстандықтарды туроператорларды таңдағанда сақ болуға шақырды

"В 2016 жылы Қазақстанға 117 465 қытайлық турист келді. Иран, Түркия мен посткеңестік кеңістік елдерінен тыс мемлекеттерден келген туристерді қоса алғанда бұл 2,5 миллион келушінің он пайызын құрайды.  Қытайдың сыртқа шығатын туристер саны бойынша оқ бойы озық келе жатқанын еске салып өткім келеді. Олардың саны қазіргі уақытта 150 миллионға жетеді", — деді Баталов туристік саланы дамыту мәселелеріне арналған отырыста. 

Вице-министрдің сөзінше, Қытай азаматтары саяхат жасауға орташа алғанда 280 миллиард доллар жұмсайды. 

Маусым айының басында Қазақстан қытайлық туристер үшін елге кіру рәсімін айтарлықтай жеңілдетті. 9 маусымнан 12 қыркүйекке дейін транзитпен келген Қытай азаматтары Қазақстанда 72 сағатқа дейін визасыз бола алады. 

"Осы жоба іске қосылғаннан бері Қазақстанда болған қытайлық туристер саны 1 059 адамға жетті", — деді "Эйр Астана" компаниясының өкілі Дәулет Еркінұлы.

Оның айтуынша, компания қытайлық туристердің санын үш миллион адамға жеткізуге үмітті. Оладың жартысы транзитпен тоқтаған демалушылар болады деп күтілуе. 

"Бұл туристер Қазақстанда екі күнге аялдайды деп есептесек,  онда үш жылдан кейін бізде қытайлық туристер өткізген 1 миллион транзиттік күн болады. Егер олар қытайлық мейрамханалар мен қонақ үйлерде күніне 300 доллар қалдырады десек, онда компания 300 миллион доллар табыс табады. Бұдан еліміз де табыс көреді", — деді "Эйр Астана" өкілі.

Жаңалықтар
0