АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Алматыда зообақ келушісі арыстанды оятпақ болып оған тас атқан.
Тиісті видео әлеуметтік желіде жарияланды.
"Адамдар бар күшімен оған тас атып жатыр, ол мүлдем тұрғысы келмейді", — деген пікір қалдырыпты бейнеролик авторы.
Зоопарк директоры Ержан Еркінбаев роликпен өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісіп "No comment" деп қойған.