Өңірлер

ІІД: Сәтпаевта жоғалып кеткен қыз педофилдің үйінен табылды

© PhotoБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам қызды зорлағанын мойындады

АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Сәтпаев қаласында 23 шілдеде жоғалып кеткен қыз қала тұрғынының пәтерінен табылды, ол адам кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Қарағанды облысының ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарда жоғалып кеткен 13 жасар қыз табылды
 

Кішкентай қызының жоғалып кеткені туралы Сәтпаев қаласының тұрғыны хабар берген еді. Полицейлер сол күні пәтерлерді аралап шығып, солардың бірінен бүлдіршін қызды тапты.

"Полиция қызметкерлері пәтерде 50 жастағы ер адамды ұстады, ол қыз баланы алдап үйге кіргізіп, зорлағанын мойындады", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Аталмыш дерек бойынша, сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар
0