Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентін құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаШавкат Мирзиёев пен Нұрсұлтан Назарбаев
Шавкат Мирзиёев пен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесіп, оны туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан Президенті  Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, амандық және жоғары мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары елдеріміздің қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтіп, басым бағыттар бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыру жөнінде уағдаласты.

Шавкат Мирзиёев 24 шілде 60 жасқа толды. Бұл оның президент ретіндегі алғашқы туған күні. 



Жаңалықтар
0