Оқиға

Алматы облысында сел жүруі мүмкін

© Photo : КЧС МВД Казахстанасел
сел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысындағы аптап ыстық селдің жүруіне әкеп соқтыруы мүмкін

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Қазгидромет селдің жүру ықтималдығына байланысты дауылды ескерту жариялады.  

"Таяудағы үш тәулікте 26-28 шілдеде жоғары температуралық фонға байланысты Алматы облысының тауларында сел жүру қауіпі бар", — деп ескертеді синоптиктер.  

Бұдан бөлек Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше  облыста 23 шілдеден бастап дауылды ескерту жарияланған. 

Күндіз 25-29 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 25-29 шілдеде Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 45 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 26-30 шілдеде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 40-43 градус өте қатты ыстық күтіледі.

 

Жаңалықтар
0