Қоғам

"Эйр Астана" мас болған ұшқышты жұмыстан шығарды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҰшқыш
Ұшқыш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бірнеше күн бұрын Амстердамнан Қазақстанға аттануға тиіс ұшақтың екінші ұшқышының мас екені анықталып, рейс орындалмай қалған еді

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. "Эйр Астана" авиакомпаниясы алкоголь сынағынан өте алмаған ұшқышты жұмыстан шығарғанын мәлімдеді.

Ұшқыш - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Амстердамда "Эйр Астана" ұшқышының мас екені анықталған

20 шілдеде Амстердам халықаралық әуежайында екінші ұшқыштың мас екендігі анықталып, Амстердам – Атырау, Атырау – Алматы рейстері кейінге қалдырылған болатын.

Қорытынды сараптама жасалып, айыппұл төленген соң ұшқыш Алматыға жөнелтілді.

"Эйр Астана" әуе компаниясы ұшқыштардың ішімдік ішіп, есірткілік заттарды қолдануына түбегейлі қарсы. Ішімдік және есірткілік заттарды қолданғанын тексеру үшін сынақтар өткізіледі. Қауіпсіздік біздің негізгі басымдығымыз", — деп мәлімдеді "Эйр Астана" әуе компаниясының ұшулар бойынша директоры Игорь Сегедин.

Жаңалықтар
0