Қоғам

Тәжірибе аясында көптеген оқушылар ағылшын тілінде білім алатын болды

© Photo : pixabayМұғалім
Мұғалім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мектептерінің 500-ден астам сыныбы ағылшын тілінде білім алуға ниет білдірген

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Тәжірибе аясында, тілек білдіруші оқушылар биыл қыркүйектен бастап ағылшын тілінде білім ала бастайды, деді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Оқушы қыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев: латын әліпбиінің бірнеше нұсқасын әзірлеп, бірін таңдау қажет

"Биыл 1 қыркүйектен бастап, 500-ден астам сынып тәжірибе аясында, ата-аналардың жазбаша рұқсатымен ағылшын тілінде білім алатын болады. Біз үшін бұл тәжірибенің маңызы аса зор. Жыл бойы балаларды, мектеп мұғалімдерін бақылап, қорытындысы бойынша келесі жылы оқытушылар және ата-аналар қауымымен ақылдасатын боламыз. Үш тілде білім беру үшін тұжырымды кесте қабылдамақпыз", — деді Сағадиев үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінгі нәтижелер зор үміт күттіреді: балалар қорықпайды, ата-аналар қолдап отыр, ал мұғалімдер жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Биыл, министрдің сөзіне сүйенсек, мұғалімдерді де жаппай оқыту басталмақ.

Жаңалықтар
0