Қоғам

Алматыда мәйітхана сатылымға шығарылды

© AFP 2024 / Chandan KhannaМәйітхана
Мәйітхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәйітхана иесі оны 110 миллион теңгеге бағалапты

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Жұрт естімеген бұл ұсыныс krisha.kz сайтының хабарландырулар базасында пайда болды. Сатушының айтуынша, Қазақстандағы жалғыз жеке меншік мәйітхана сатылымға шығарылған.

Қостанайда мәйітханада тұрып жатқан отбасы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда үш балалы отбасы мәйітхана ғимаратында тұрып жатыр

Ауданы 300 шаршы метр, 15 сотық аумақты алып жатқан екі қабатты ғимарат Жароков және Өтепов көшелері қиылысында көп бейінді аурухана мен Республикалық қан құю орталығы маңында орналасқан.

ЖШС қызмет көрсетулері – патологиялық-анатомиялық зертеу жүргізу: мәйітті сою, мүрдені сақтау, медициналық сараптамалар жүргізу.

Мәйітхана иесі 110 миллион теңге сұрайды.

"Ғимаратты түгелдей жөндеуден өткіздік. Былтырғы қыркүйек айынан бастап қызметін тоқтатқан", — деп түсіндіреді хабарландыру авторы.

Хабарландыру 25 шілде күні шығыпты, қазір сайттан жойылған екен.

Жаңалықтар
0