Оқиға

SCAT әуе компаниясының ұшағы Стамбул әуежайында бұзылып қалды

© Photo : Официальная страница авиакомпании "Scat" в соцсетях"Scat" әуекомпаниясының ұшағы
Scat әуекомпаниясының ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Компания жолаушыларын бірнеше рейсінің кешіктірілетіні туралы хабардар етіп, резерві әуе кемелерін дайындап жатыр

АСТАНА, 26 шілде — Sputnik. SCAT әуе компаниясының ұшағы Стамбул әужайында бұзылып қалды, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметінде. 

Стамбул-Ақтау бағытындағы DV812 рейсі жергілікті уақытпен 26 шілдеде 04:50-де ұшуы тиіс болатын. Ұшуға кезек күтіп тұрған кезде Boeing 737 әуе кемесінде ақаулық шықты. 

"Осыған байланысты әуекомпания жолаушыларды жөнелту үшін Стамбулға резервті кеме жіберді. Ақтау әуе жайында күтіп отырған транзитті рейстердің жолаушылары қонақ үйлерге орналастырылды, оларға ыстық тамақ ұсынылды", — деп ақпараттандырды компанияда. 

Аталған жағдайға байланысты бірнеше рейс кешіктірілді. Қазіргі уақытта рейсі кешіктірілетін жолаушылардың барлығы ақпараттандырылуда. 


Жаңалықтар
0