Қоғам

Қуанышта шек жоқ: жол апатында екі аяғынан айырылған қыз ауруханадан шықты

Жазылу
Жан түршігерлік жол апатында зардап шеккен Екатерина Парафиева ерік-жігерінің мықтылығымен баршаны тәнті етті

АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik. Жол апаты салдарынан екі аяғынан айыпылған Алматы тұрғыны Екатерина Парафиева ауруханадан шыққанын хабарлап, қолдау білдіргендерге тағы да алғысын жаудырды.

"Қуанышы қойнына сыймай, үйіне қайтып бара жатқан бір жан болса, ол – мен! Ауруханадан шаршадым, әрине, кеше дәрігерлерден шығуға болатынын естіп, қуанышымда шек болмады", — деп жазды қыз Instagram парақшасында.

Ауруханада емдеп, күтіп жасаған бүкіл дәрігерлерге алғысын білдірді.

"Енді үйдегі бейімделу кезеңі басталады. Бәріне үйреніп, бейімделеміз. Достар, қолдау көрсеткендеріңізге, жылы сөздеріңіз бен мен үшін уайымдағандарыңызға алғысымды білдіремін! Сіздер сансыз көпсіздер, адам сенгісіз зор күшке иесіздер!", — дейді Парафиева. 

Естеріңізге сала кетсек, жол апаты 16 маусым күні Әл-Фараби даңғылында болған. Honda кроссоверінің жүргізушісі мен жолаушысы жол ортада тоқтап қалған көліктен түсіп, көмек күтіп тұрған: автокөлік сынған кәріздік құдықты басып, дөңгелегі жарылып кеткен екен. Сол сәтте қарама-қарсы бағыттан Toyota шыға келеді де, жолаушылар автобусы оны Honda көлігіне қарай бір-ақ ығыстырады. Салдарынан екі қыз көліктердің арасына қысылып қалған.

Жаңалықтар
0