Өңірлер

Жамбыл облысының ішкі істер департаменті басқарма бастығы әріптесіне пышақ салған

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл облысында полицейлер төбелесіп қалған

АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің басқарма басшысы төбелес барысында өз әріптесіне пышақ салған, деп хабарлады ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директоры Алмас Сәдубаев.

Полиция - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Полицейлер "Медеуге" бара жатып, жол апатына ұшырады

10 тамыз күні түнде бірігіп ішімдік ішкен соң бұрынғы полиция қызметкері Жетпісбаев М. Ж., Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті басқарма басшылары  Үмбетәлиев М. И. және Бектұрғанов Е. О. арасында кикілжің туындап, арты төбелеске әкеліп соққан.

"Салдарынан Үмбетәлиев Жетпісбаевқа пышақ салып, Бектұрғановты жарақаттаған", — деп мәлімет берді Сәдубаев.

Аталған дерек бойынша "Қастандық жасау" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Министрлік атап өткендей, Бектұрғанов уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір Үмбетәлиевті ұстау бойынша шаралар қолданылып жатыр.

Жаңалықтар
0