Оқиға

Шығыс Қазақстан облысының Шалқар көлінде жас жігіт суға кетті

© Photo : ДЧС Восточно-Казахстанской областиШалқар көлі
Шалқар көлі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жастар демалып жүрген судың жағасы жабдықталмаған, онда ескерту белгісі де, құтқару мұнарасы да жоқ болған.

АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Шалқар көлінде жас жігіт қаза болды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

23 жастағы жас жігіт достарымен бірге су жағасында демалып жүрген. Суға сүңгіп кеткен ол біршама алыстап кетіп, желдің қаттылығынан жағаға жете алмай қалса керек. 

Хабарламаға сәйкес, жастар демалып жүрген судың жағасы жабдықталмаған, онда ескерту белгісі де, құтқару мұнарасы да жоқ болған. Бұған қоса желдің екпіні де қауіп туындатқан.

Дәл осы күні біздің №6 бөлімше қайғылы оқиға орын алған жерге жетті. Іздеу жұмыстары шамамен бір сағатқа созылып, жағадан 50 метр қашықтықтан, 10 метр тереңдіктен жас жігіттің денесі табылды.

Суға түсу маусымы басталғалы бері Шығыс Қазақстанда 40 адам суға кеткен. Қайғылы оқиғалардың 30-ы жоғарыда айтылғандай жабдықталмаған су айдынында тіркелген. 


Жаңалықтар
0