Оқиға

Алматыда белгісіз бір жүргізушінің кесірінен үш көлік соқтығысты

© SputnikБөгенбай көшесіндегі жол апаты
Бөгенбай көшесіндегі жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда бейсенбіге қараған түні үш көлік бірдей жол апатына түсті

АСТАНА, 17 тамыз – Sputnik. Алматыда сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні үш көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанай облысында бойжеткен көлік астына түсіп қаза тапты

Жол апаты Бөгенбай көшесі бойында Фурманов пен Панфилов көшелері арасында болған. Honda CR-V жүргізушісі Бөгенбай батыр көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатады, Фурманов көшесіне жетпей, белгісіз бір көлік алдын кесіп кетіпті.

Соқтығысып қалмайын деген Honda жүргізушісі оңға бұрылып, тұрақта тұрған Range Rover көлігіне соғылды да, аударылып түсті. Ал Range Rover тұрақта тұрған тағы бір көлік Hyundai Santa Fe соғылды.

Жол апатынан ауыр жарақат алған ешкім жоқ. Алматы полициясы мән-жайды анықтайтын болады. Өкінішке орай, Honda көлігінің алдын кесіп, жол апатына себепкер болған көліктің нөмірі ешкімнің есінде қалмапты.

© SputnikБөгенбай көшесіндегі жол апаты
Бөгенбай көшесіндегі жол апаты - Sputnik Қазақстан
1/2
Бөгенбай көшесіндегі жол апаты
© SputnikБөгенбай көшесіндегі жол апаты
Бөгенбай көшесіндегі жол апаты - Sputnik Қазақстан
2/2
Бөгенбай көшесіндегі жол апаты
1/2
Бөгенбай көшесіндегі жол апаты
2/2
Бөгенбай көшесіндегі жол апаты
Жаңалықтар
0