Өңірлер

Дүйсенбі күні елімізде ауа райы жауын-шашынсыз болмақ

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАптап
Аптап - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің кей өңірлерінде жел тұрып, шаңды дауыл соғады, тұман түседі

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Республикамыздың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, қалған аумақта ауа райы жауын-шашынсыз. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте кей жерлерде – тұман, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет сайты

Жамбыл облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында күндіз кей жерлерде жел тұрады, күн күркіреуі ықтимал. Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ түсуі мүмкін, күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады. 

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде күн күркірейді. Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық.

Жаңалықтар
0