Қоғам

Соңғы мүмкіндік: ондаған мың адам ЭКСПО көрмесіне асығуда

© Sputnik / Ксения ВоронинаСербия ұлттық күні
Сербия ұлттық күні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі осы жексенбіде аяқталады

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне келушілер саны тәулігіне 57 мың адамға өсті. 3 қыркүйекте рекордтық көрсеткіш белгіленді: көрмеге 75 мыңнан астам келуші келген.

ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мысыр – ЭКСПО ТОП-10 көшбасшысы атанды

Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, ЭКСПО көрмесінің соңғы аптасы бұрынғы көрсеткіштерден асып түспек, ал келушілердің ең көп легі алдағы жексенбі 10 қыркүйекте, көрменің жабылуына келеді.

Көрмеге келгендер саны 10 маусым мен 3 қыркүйек аралығында 3 миллион 525 мың 291 адамды құрады. 

Ең танымал павильондар ондығы: Египет, Африка Плазасы, Түркия, Таиланд, Әзербайжан, Өзбекстан, Үндістан, Ресей, Жапония, Сауд Арабиясы Корольдігі.


Жаңалықтар
0