Қоғам

Ақтөбенің "ең керемет" қонақ үйі "Иванушки International" әншісінің көңілінен шықпады

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуАндрей Григорьев-Аполлонов
Андрей Григорьев-Аполлонов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әртістің бөлмесінде теледидар да, телефон да, тоңазытқыш та істемейді екен

АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. "Иванушки International" тобының әншісі Андрей Григорьев-Аполлоновтың Ақтөбедегі қонақ үйге көңілі толмады. Желіде жарияланған видеода біреудің телефонымен неге сөйлескенін, неліктен суық су іше алмағанын түсіндіреді.

Әртістің сөзіне сүйенмек, қаланың "ең мықты" деген қонақ үйінің бөлмесінде телефон мен теледидар істемейді екен.

"Суық суға тапсырыс берейін деп ресепшнге хабарласқым келген. Қарасам, тартпаның ішіндегі телефон істемейді екен. Бұл жерде ішкі байланыс жоқ, сол себепті администратор маған өз ұялы телефонын беріп, "қалай қоңырау шалсаңыз да, өзіңіз біліңіз" деді", — дейді Андрей Григорьев-Аполлонов видеода.

Суды тоңазытқышқа салып, суытпақшы болған әртісті ойы іске аспапты. Бөлмедегі тоңазытқышты қосуға болатын розетка жоқ екен.

"Дизайнның тамаша үлгісі – жатып қолданатын фен. Ханымдар мен мырзалар, қараңыздар. Welcome to гастролге", — дейді әнші диванның жанына орнатылған фенге нұсқап.

Жаңалықтар
0