Оқиға

Өзбекстан азаматы Шымкентте жол апатынан қаза тапты

© Photo : предоставлено очевидцамиКөлік
Көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тағы екі өзбек пен жеңіл көліктің жүргізушісі ауруханаға жатқызылған

АСТАНА, 8 қыркүйек — Sputnik. Шымкентте жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті, олардың арасында Өзбекстан азаматтары бар, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті.

жолдағы белгі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оңтүстік Қазақстанда жол апатынан бес адам қаза болды, арасында балалар бар

Жол апаты 7 қыркүйекте болды. Полицейлердің айтуынша, Әуезов және Әлібеков көшесі бойында 1993 жылғы жүргізуші мінген BMW көлігі мен Daewoo Nexia соқтығысты.

Daewoo Nexia жолаушысы 1990 жылы туған Өзбекстан Республикасы азаматы оқиға орнында қаза тапқан. Daewoo Nexia жүргізушісі мен оның көлігіндегі екі Өзбекстан азаматы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Сараптамалар тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0