Өңірлер

Оқушы қыздарды қаққан трамвай жүргізушісі екі ай қамауда болады

© Sputnik / Василий ГолышкинТрамвай жүргізушісі қамауға алынды
Трамвай жүргізушісі қамауға алынды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодарда екі қызды қағып кеткен травмвай жүргізушісі тергеу уақытында уақытша ұстау изоляторында отырады

АСТАНА, 9 қыркүйек — Sputnik. Павлодар қаласы №2 сотының судьясы Әсет Сүлейменов екі қызды қаққан трамвай жүргізушісі 1987 жылы туған Наталья Пекничқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдануға шешім шығарды. Ол екі ай уақытша ұстау изоляторында отырады.

Операция барысы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодарда трамвай қаққан қыз бала есін жинай бастады

Пекничтің адвокаты соттан бұлтартпау шарасы ретінде үй қамақты ұсынған болатын, өйткені күдіктінің тұрақты мекенжайы бар, тұрмыста, күйеуімен бірге алты жасар қыз тәрбиедеп отыр, бұрын сотталмаған, сол себепті тергеуден қашпайды. Бірақ судья бұл өтінішті қабылдамады.

Күдікті әйел сот отырысы кезінде үнемі жылап отырды. Судья сөз берген кезде, жылап отырып бір ғана сөз айтты: "Шыныменде оны көрмей қалдым!". Яғни, трамвайдың астына түкен екі қыздың бірі қаза тапқан болатын.

Наталья Пекнич соттың бұл шешіміне қарсы шағым түсіріп немесе прокуорға өтініш беретіні әлі белгісіз. Себебі адвокат тілшілердің ешқандай сұрағына жауап бермеді.

Жол апаты Павлодарда бейсенбі 7 қыркүйек күні сағат 7.43-те Ломов жжәне Катаев көшелерінің қиылысында болған. Он және сегіз жасар екі қыз абайсызда трамвай астына түскен. Үлкені қаза тауып, кішісі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды.

Жаңалықтар
0