Өңірлер

Қостанайда өрт сөндірушіні кафеде болған өрт кезінде тоқ тартты

© Photo : КЧС МВД РКҚостанайда кафе өртенді
Қостанайда кафе өртенді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оған дейін клубтың басшылығы оған дейін ғимарат тоқ көзінен ажыратылды деген болатын

АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Ірі өртті сөндіру барысында өрт сөндірушіні тоқ тартты. 

ТЖ комитетінің мәліметтері бойынша, бүгін, таңертеңгі сағат 9-да Қостанайдағы "West" кафесінде өрт тұтанды.  Өрттің көлемі 450 шаршы метрді құрайды. Жалын сағат 11.50 шамасында 38 өрт сөндірушінің көмегімен толығымен ауыздықталды. Осы кезде ТЖД қызметкерінің өміріне қауіп төнді.

Өрт сөндіру департаменті қызметінің бастығы Ерболат Ақдаулетовтың айтуынша, қол астындағы қызметкерді өз жұмысын атқаруы барысында тоқ тартқан, деп жазды "Костанайские новости" газеті. 

Ақдаулетов өрттің барысы жайында жан-жақты мәлімет берді. Оның айтуынша, өрт ең алдымен ғимараттың шатырынан басталып, тез арада ғимаратқа таралған. Шатырдағы өртті сөндіру барысында өрт сөндірушіні тоқ тартып, оған медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп төнбейді. 


Жаңалықтар
0