Оқиға

Астанада белгілі дәмханада өрт шығып, 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКӨрт
Өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт аумағы 1100 шаршы метр

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Елордалық "Драфт" дәмханасында өрт салдарынан қырық адам қауіпсіз жерге шығарылды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Қостанайда түнгі клуб өртенді - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайлық клубқа өрттің әдейі қойылуын өрт сөндірушілер жоққа шығарды

"17 қыркүйек 2017 жылы сағат 22.49  кезінде Астана қаласы, Сарыарқа ауданында, Бейбітшілік көшесі бойындағы "Драфт" дәмханасының ас бөлмесінде сорғыштан өрт шығып, ғимараттың шатырын жалын шарпыған", — деп хабарлады Иманкулов.

Өрт 01.43-де ауыздықталып, 02.43 кезінде толығымен сөндірілді. Өрттің аумағы 1100 шаршы метрді құраған. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрт салдарынан дәмханаға келген қырық адам қауіпсіз жерге шығарылды.


Жаңалықтар
0