Қоғам

Елбасы Ашхабадта Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысты

© Официальный сайт Президента КазахстанаЕлбасы Ашхабадта Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысты
Елбасы Ашхабадта Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы жауынгерлік өнер түрлері бойынша өтетін V Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін V Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Ашхабадтағы Түркменстан президентінің сарайы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев жұмыс сапарымен Ашхабадқа келді

Ойындар "Денсаулық. Жігер. Достық" ұранымен өтуде. Спорт сайыстарына Азия және Океания елдерінен келген 65 делегацияның 6 мыңнан астам спортшылары мен ресми өкілдері қатысуда. Қазақстан құрамасы спорттың көптеген түрлерінен сайысқа түседі.  

Жарыс бағдарламасына спорттың 21 түрі енгізілген. Сайыстар жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, баскетбол, футзал, теннис, тректегі веложарыс, 50 метрлік бассейінде жүзу, конкур, спорттық би, боулинг, бильярд, шахмат, тай боксы, тхэквондо (WTF), кикбоксинг, самбо, джиу-джитсу, күрес, белдесу, грек-рим күресі, еркін күрес, түрікмен ұлттық күресі бойынша өтеді.

Жаңалықтар
0