Өңірлер

Сәрсенбі күні ауа райы жауын-шашынсыз болады

© Sputnik / Болат ШайхиновКүз
Күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай болады деп болжайды
АСТАНА, 20 қыркүйек — Sputnik. Республиканың көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік пен шығыс аймақтарда атмосфералық фронттар өтіп, жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, желкүшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Қостанай облысының кей жерлерінде түнде желдің күші 15-20 м/с болады. 
Айдана Абыкан - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптик: Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауады
Ақмола, Жамбыл, Сотүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с деп күтіледі, Жамбыл облысында – желдің ұйытқуы 23 м/с дейін жетеді. Атырау облысында, Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз тұман түседі. 
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде топырақ бетін —2 градусқа дейін үсік шалады. 




Жаңалықтар
0