Өңірлер

Қостанайда 10 жасар баланы не үшін патрулдік көлікке отырғызған?

© Photo : ДВД Алматинской областиЖол-патрулдік көлігі
Жол-патрулдік көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Он жасар бала ұрлықтың жалғыз куәгері болғандықтан, полицейлер оны көлікке отырғызып, күдіктінің соңынан қуған

АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Қостанайда патрулдік көліктен он жасар баланың табылуы бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды alau.kz жергілікті басылымы облыстық  ІІД сілтеме жасап.

Бұдан бұрын баланың анасы, ұлын ата-анасының рұқсатынсыз патрулдік көлікке отырғызғанына наразылық танытқан еді.

Терезесі сынған автокөлік - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда тұрақта тұрған көліктің үстіне теледидар құлады

Қалалық ІІД жол-патрулдік полиция батальонының қызметкерлері 19 қыркүйекте сағат 17.20 кезінде қызметте жүріп ұрлық жасалғаны туралы бағыттама алады.

Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары жәбірленуші әйел мен оқиғаның жалғыз куәгері – 10 жасар баланы анықтайды. Бала күдіктінің түр-келбетін сипаттап береді, ол қылмыстың тезірек ашылуына септігін тигізер еді.

"Полицейлер әйел адам мен баланы отырғыхып алып, қылмыс жасалған ауданды аралайды", — делінген ІІД баспасөз қызметінде.

Жеті минут ішінде полицейлер баланың мекенжайына жетіп, әкесіне тапсырады. Сол күні жедел іздеу шаралары барысында полиция қызметкерлері 14 жасар күдіктіні тапты, деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған баланың заңды өкілдерінсіз жергілікті полиция қызметінің қызметтік көлігінен табылуы дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде.

Жаңалықтар
0