Оқиға

Алматыда қарсы бағыттағы жолда екі көлік соқтығысты

© SputnikАлматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маңдайлық соқтығысу салдарынан екі адам ауыр жарақат алды

АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жұма күні Сайын көшесі мен Райымбек даңғылындағы жол айрығында ір жол апаты орын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне құқық қорғау органдары. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Mitsubishi Pajero автокөлігі Райымбек даңғылы бойымен батыс бағытта, ал Honda CR-V шығыс бағытта жүріп келе жатқан. Белгісіз маркалы көлік жол талғамайтын көліктің жолына бөгет болуы салдарынан, ол соқтығысуды болдырмау мақсатында қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, Honda көлігімен соқтығысады. 

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар
0