Оқиға

Әйел үш баласымен зардап шеккен жол апатының мән-жайы белгілі болды

© Sputnik / Евгений Самарин / Медиабанкке өтужансақтау бөлімі
жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция отбасын көлікпен қағып кету фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр

АСТАНА, 29 қыркүйек — Sputnik. Алматы полициясы әйел мен үш баласы зардап шеккен жол апатының мән-жайын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Жол апаты бейсенбі, 28 қыркүйекте, сағат 18.00 шамасында "Өжет" шағын ауданында болған. 

"Toyota Highlander көлігінің 33 жастағы жүргізушісі Байтұрсынов көшесімен келе жатып "Жол бер белгісінен өте шығады да, негізгі жолға шығып кетіп, Бекболат көшесімен шығыс бағытта келе жатқан BMW көлігімен соқтығысады. Салдарынан Toyota жол жиегіне ұшып кетіп, әйелді үш баласымен бірге қағып кетеді. Балалар 2009, 2011 және 2014 жылы туған", — деп хабарлады Алматы ІІД басқарма басшысының орынбасары Олжас Шәріпов. 

Жедел жәрдем зардап шеккен балалар №1 клиникалық балалар ауруханасына, ал олардың анасы жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді. Алты жасар бала ауыр хәлде жатыр. 

Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

 

 

 

 


Жаңалықтар
0