Оқиға

Алматыда Toyota автокөлігі жекеменшік үйдің кірпіш қабырғасын бұзды

© SputnikToyota жеке меншік үйдің қабырғасын бұзып кірді
Toyota жеке меншік үйдің қабырғасын бұзып кірді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, оны полиция іздестіріп жатыр

 АСТАНА, 30 қыркүйек — Sputnik. Алматыда жүргізушісі басқаруын игере алмаған көлік жекеменшік үйдің қабырғасына соғылды. Жол апаты Кудерин мен Памирский көшелерінің қиылысында, Райымбек даңғылынан төмен жерде орын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Tundra автокөлігі Кудерин көшесі бойынмен оңтүстік бағытта қозғалып бара жатқан. Жол айырығында белгісіз себептерге байланысты жүргізуші көліктің басқаруын игере алмай, электр сымдары тартылған бағананы құлатып, автокөлік жекеменшік үйдің қабырғасын бұзып кіреді. 

 Көліктің жүргізушісі жол апаты болған жерден қашып кеткен. Алматы полицейлері аумақты қоршап, жүргізушіні іздестіру шараларын қолға алды. 

Жаңалықтар
0