Оқиға

Ақмола облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана-Атбасар тас жолында ірі көлік апатынан жеті адам қаза тауып, бір адам зардап шекті

АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Ақмола облысында екі автокөлік соқтығысып, жеті адам қаза тапты, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жол апаты Атбасар ауданындағы Мариновка ауылына жақын жерде 3 қазанда болған.

"Мицубиси-Франтеро жүргізушісі қарсы бағыттық қозғалыс жолағына өтіп кетіп, ВАЗ-2106 көлігіне соғылған. Соқтығысу салдарынан  ВАЗ-2106 жүргізушісі, оның әйелі мен екі қызы және тағы екі әйел қаза тапты. Екінші көлікте бір жолаушы қаза тауып, тағы бірі Атбасар орталық аудандық ауруханасына жатқызылған", — деп хабарлады полиция агенттікке.

Көлік апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, "Мицубиси" жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар
0