Өңірлер

Еліміздің кей облыстарында көктайғақ және боран болады

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуКөгершін
Көгершін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның шығысы, солтүстігі мен орталығында жауын жауады

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты түнде солтүстік пен орталықта жауын жауады, ел аумағының қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде, тұман, желдің күшеюі, солтүстік пен орталықта – төменнен соққан боран, көктайғақ, деп хабарлайды Қазгидромет.

Түнде Ақмола облысында кей жерлерде төменнен соққан боран, көктайғақ, тұман. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде көктайғақ, тұман, желдің екпіні 15-20 м/с. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, Қызылорда облысында — шаңды дауыл.  Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде түнде және таңертең тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанай және Павлодар облыстарында тұман.

Жаңалықтар
0