Өңірлер

Атырау облысында жасөспірімнің денесі табылды

CC0 / / жасөспірім
жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер бала 2 қыркүйекте жоғалып кеткен, денесі 5 қазанда табылды

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Атырау облысында бір ай бұрын жоғалып кеткен жасөспірім өлі күйінде табылды, деп жазады "Мой город" басылымы.

Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада екі тәулік бойы жоғалған оқушы іздестірілуде

Өзбекстанның тумасы, он бес жасар Аслбек Хамроев анасы Умидамен бірге жұмыс істеп жүреді.

Екінші қыркүйекте Аслбек өзі тұратын Биікжал ауылынан, Күлсары қаласына барып, жоғалып кетеді. Анасы баласының жоғалып кеткені туралы он күн өткен соң ғана арыз берген. 

Бесінші қазанда жасөспірімнің денесі арықтан табылған. Анасы баласын шашы мен киімінен таныды.

Баланың неден қаза тапқаны белгісіз. Зорлық-зомбылық белгілері де денесінен табылмады. Болжам бойынша, бала адасып кеткен.

Жаңалықтар
0