Оқиға

Алматыда микроавтобус пен Mercedes соқтығысып, екі адам зардап шекті

© SputnikMercedes пен Toyota HiAce соқытығысты
Mercedes пен Toyota HiAce соқытығысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Mercedes жүргізуші оқиға орнынан қашып кетіп, кейін қайта оралған

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. Райымбек даңғылы мен Жангелдин көшесі қиылысында жол апаты болды.

Sputnik Қазақстан агенттігіне оқиға куәгерлері хабарлағандай, Toyota HiAce микроавтобусы Райымбек даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатқан, ал Mercedes осы даңғыл бойымен батыс бағытта келе жатып, Жангелдин көшесіне солға бұрылмақ болады.

Көлік жылдамдықты асырып келе жатқан, солға бұрыла бергенде, микроавтобусқа жол бермей, екеуі бар жылдамдықпен бетпе-бет соқтығысады. Соққыдан Toyota HiAce он метрге сырғып кеткен, ол қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып кетіпті.

© SputnikMercedes пен Toyota HiAce соқытығысты
Mercedes пен Toyota HiAce соқытығысты - Sputnik Қазақстан
1/3
Mercedes пен Toyota HiAce соқытығысты
© SputnikMercedes пен Toyota HiAce соқытығысты
Mercedes пен Toyota HiAce соқытығысты - Sputnik Қазақстан
2/3
Mercedes пен Toyota HiAce соқытығысты
© SputnikMercedes пен Toyota HiAce соқытығысты
Mercedes пен Toyota HiAce соқытығысты - Sputnik Қазақстан
3/3
Mercedes пен Toyota HiAce соқытығысты
1/3
Mercedes пен Toyota HiAce соқытығысты
2/3
Mercedes пен Toyota HiAce соқытығысты
3/3
Mercedes пен Toyota HiAce соқытығысты

Жол апатынан екі адам зардап шекті – Mercedes жүргізушісі мен микроавтобус жолаушысы. Жолаушы әйел жәрдем көрсетілген соң, ауруханаға жатудан бас тартты.

Жеңіл көлік жүргізушісі бастапқыда апат орнынан қашып кетіп, кейін қайта оралған, ішімдік иісі шығып тұрыпты. 

Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтайды.

Жаңалықтар
0