Оқиға

Алматыдағы жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам зардап шекті

© SputnikӨтеген батыр және Абай көшелерінің қиылысындағы жол апаты
Өтеген батыр және Абай көшелерінің қиылысындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізушінің жол ережесін сақтамай бұрылуы, апатқа әкеліп соқты: төрт адам жарақат алып, екі көлік те қатты зақымданған

АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Алматыда Абай және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында екі автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшілеріне құқық қорғау органдары. 

Оқиға куәгерлері мен Toyota Camry автокөлігі жолаушыларының айтуынша, Camry көлігі шығыс бағытта Абай көшесімен қозғалып бара жатқан. С санатты Mercedes автокөлігі солтүстік бағытты бетке алып, Өтеген батыр бойымен келе жатып, жол ережесін бұза отырып, бұрылыс жасайды. 

бағдаршамның қызыл түсінде қатты жылдамдықпен қозғалған Toyota Camry жүргізушісі Mercedes көлігіне келіп соғылады. Соққының салдарынан Mercedes көлігі қарсы беттегі көшеге өтіп кетіп, жолдың шетіне соғылады.

Жол-көлік апаты кезінде төрт адам: Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы және Toyota Camry көлігінің жолаушылары екі қыз зардап шекті. Төрт адамның барлығы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Екі жүргізуші де өз кінәларын мойындаған жоқ.


Жаңалықтар
0