Өңірлер

Қазақстанның бірқатар облысында күн күрт суытады

© SputnikАғаш бұтағындағы қар
Ағаш бұтағындағы қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның оңтүстік өңірінде дабылдық ескерту жарияланды

АСТАНА, 16 қазан — Sputnik. Қазақстанның бірқатар облыстарында ауа температурасының төмендеуі және жауын-шашын болжанып, дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет".

17 қазан күндізгі уақытта Қызылорда облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. 18 қазанда жауған жаңбырдың арты қарға ұласады деп күтіледі.

Қолшатыр ұстаған әйел - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Дүйсенбі күні елімізде тұман түсіп, жаңбыр жауады
 Батыстан соққан жел кей жерлерде 15-20 м/с жетіп, екпіні 23 м/с күшейеді. Күндіз 18 қазанда ауа температурасы 5-10, кей жерлерде 15 градус жылыны көрсетеді. 18 қазанда тәулік бойы және 19 қазанда түнде Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр жауып, соңы қарға ауысады). 18 қазанда күндіз, 19 қазанда түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 18 қазанда оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с жетіп, кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді. 18 қазандағы ауа температурасы күндіз 5-10 градус жылыға, кей жерлерде 15 градус жылыға дейін өзгереді. 18 қазан күндіз, 19 қазан түнде Жамбыл облысында жаңбыр күтіледі, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 18 қазан тәулік бойы, 19 қазан түнде кей жерлерде оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с жетіп, екпіні 23-28, оңтүстік-батыста 30 м/с аса күшейеді. Күндіз ауа температурасы 10-15 градус жылыға, кей жерлерде 7 градус жылыға дейін төмендейді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

 


Жаңалықтар
0