Қоғам

Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады

© Sputnik / Болат Шайхиновқазақстандықтар
қазақстандықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желтоқсанда қазақстандықтар қосымша үш күн демалады

АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. Елімізде желтоқсан айында екі мемлекеттік мереке аталып өтеді. Осыған орай қазақстандықтар қосымша үш күн демалады. 

Гүл - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде мерекелік даталардың тізімі бекітілді

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні, биыл бұл мереке жұмаға келіп тұр, сондықтан қазақстандықтар 1-3 желтоқсан үш күн қатарынан демалады. Бұл бес күндік жұмыс аптасына қатысты, аптасына алты күн еңбек ететіндер 2 желтоқсанда жұмысқа шығады.

Тәуелсіздік күнін Қазақстан халқы 16-17 желтоқсанда мерекелейді. Мейрам күндері биыл сенбі мен жексенбіге келіп отыр. Осыған байланысты мерекелік демалыс күндері келесі екі күнге көшіріледі. Осылайша қазақстандықтар 16-19 желтоқсан қатарынан 4 күн демалады.  


Жаңалықтар
0