Оқиға

Маңғыстауда 10 адам ірі жол апатына түсті

© Sputnik / Анатолий Устиненкожол апаты, архив суреті
жол апаты, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатына түскен он адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. Маңғыстау облысында Ақтау-Таушық тас жолында екі көлік соқтығысып, 10 адам зардап шекті, деп жазады өңірлік Лада басылымы. 

Жол апаты сенбі күндіз болды. 

Зардап шеккен барлық 10 адам Таушық ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуінің хәлі өте ауыр, ол өкпенің жасанды аппаратына қосылған. 

Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. 


Жаңалықтар
0