Оқиға

Қостанайда 10 адам өрттен құтқарылды

© Photo : ДЧС Восточно-Казахстанской областиөрт сөндірушілер, архив суреті
өрт сөндірушілер, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанайда көпқабатты үйде шыққан өрттен 10 адам құтқарылып, 54 адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Қостанайда көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде өрт тұтанып, қара түтіннен сыртқа шыға алмай қалған 10 адамды өрт сөндірушілер құтқарды, деп хабарлады Қостанай облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті. 

Қобланды батыр даңғылындағы үйлердің бірінде шыққан өрт туралы хабар түнде сағат екіде келіп түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтердің жанып жатқанын көреді. Олар тұрғындарды автобаспалдақ арқылы шығарып алады. 

Өрттің орнында әйелдің мәйіті табылды. 54 адам көшіріліп, 10 адам құтқарылды, оның алтауы бала. 

Өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді. Тілсіз жау шарпыған аумақ 21 шаршы метрді құраған. 


Жаңалықтар
0