Оқиға

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза болды

© SputnikЖедел медициналық көмек көлігі, архивтегі фото
Жедел медициналық көмек көлігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шахтерлер даңғылында төрт көліктің соқтығысуы салдарынан екі адам ажал құшты

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Қарағандыда төрт жеңіл көлік соқтығысып, екі адам оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Жол-көлік оқиғасы кеше, жексенбі күні Шахтерлер даңғылында болды.  

Әйнегі сынған көлік - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағанды облысында жол апаты орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде
Toyota Camry-дің 26 жастағы жүргізушісі Шахтерлер даңғылымен Республика даңғылына қарай келе жатып, алдындағы ВАЗ-2107 көлігін соққан, содан кейін жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Mersedes Benz Vita және  Lexus RX 300 автокөліктерімен соқтығысқан.

 Жол апаты салдарынан ВАЗ көлігінің 45 жастағы жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза болды.  

 ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлімі (Екі және одан да көп адамның өліміне әкелген жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.   

Жол апатына кінәлі деген күдікпен ұсталған жүргізуші уақытша ұстау абақтысына жабылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.   


Жаңалықтар
0