Қоғам

КСРО халық әртісінің қызы Мария Королева қайтыс болды

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуМария Королева (дочь Людмилы Гурченко), архивное фото
Мария Королева (дочь Людмилы Гурченко), архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Людмила Гурченконың қызы 59-ға қараған жасында қайтыс болды

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. КСРО халық әртісі Людмила Гурченконың қызы Мария Королева қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Мария Королева 59-ға қараған жасында қайтыс болды. 

"Жүректен кетті. Білуімше, оның қазасы кенеттен болды", — деген Королеваның адвокаты Шота Горгадзе жерленетін күннің әлі белгіленбегенін айтты. 

Королева  — Гурченко мен оның екінші жолдасы тарихшы  Борис Андроникашвилидің қызы. 

Горгадзенің айтуынша, туыстары қызын анасының жанында Ваганьков зиратында жерлегісі келеді, бірақ ол жерден орын алу қиын. 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0