Спорт

FIFA-ның бұрынғы басшысы Блаттер футболшы қызға қол жүгірткені үшін айыпталды

© AFP 2024 / Fabrice Coffrini Йозеф Блаттер
Йозеф Блаттер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жемқорлық дауына қалған 81 жастағы Йозеф Блаттерге қатысты тағы бір шу шықты

АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Футболдан АҚШ құрамасының бойыншысы Хоуп Соло Халықаралық футбол федерациясының бұрынғы басшысы Йозеф Блаттерді сексуалды алымсақтық жасады деп айыптады, деп хабарлайды РИА Новости The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Доп - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстанның футбол федерациясы ребрендинг жүргізді

Солоның айтуынша, 2013 жылы "Алтын доп" сыйлығын ұсыну салтанаты кезінде Блаттер оны бөксесінен ұстап алыпты.

Йозеф Блаттер бұл айыптауды еш негізсіз деп мәлімдеді.

Хоуп Соло АҚШ ұлттық құрамасында екі жүзден астам матчқа қатысып, екі рет олимпиада чемпионы, 2015  жылғы әлем чемпионы атанған.

Йозеф Блаттер жемқорлық дауынан кейін FIFA президенті лауазымынан 2015  жылы айырылған.

Жаңалықтар
0