Оқиға

Екібастұзда үй өртеніп, екі адам қаза болды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӨрт сөндірушілер, архив суреті
Өрт сөндірушілер, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта өрттың шығу себептері анықталып жатыр

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Екібастұз қаласында жеке тұрғын үй өртке оранып, екі адам көз жұмды. Бұл туралы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып pavlodarnews.kz хабарлайды. 

Саяжай, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда әйел мен екі балаға иіс тиді

Сағат 8:40 шамасында Угольная көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт шығып, баспананың төбесі бұзылған. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар 1969 және 1971 жылы туған екі ер азаматтың мәйітін тапты. 

"Сағат 11:03 шамасында өрт толығымен ауыздықталды. От шарпыған аумақ 40 шаршы метрді құрады. Бұл жұмысқа өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінің жеке құрамынан 15 адам және үш техника жұмылдырылды", — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті. 

Қазіргі уақытта өрттың шығу себептері анықталып жатыр. 

 

 

Жаңалықтар
0