Саясат

Назарбаев «Шеврон» компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

© Photo : Официальный сайт президента РКНұрсұлтан Назарбаев пен Chevron компаниясының директоры Джон Уотсон
Нұрсұлтан Назарбаев пен  Chevron компаниясының директоры Джон Уотсон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Джон Уотсонмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның «Шеврон» компаниясымен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласына қатысты жобаларды бірлесе іске асырудың тиімділігін айтып, Джон Уотсонға осы жұмыстарды атқаруға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады - Sputnik Қазақстан
Саясат
Нұрсұлтан Назарбаев: Жалпы, экономикамыз тұрақты дамып келеді
– Қазақстан «Шеврон» компаниясымен ерекше қарым-қатынас орнатты. Біз ширек ғасырдан астам уақыттан бері бірге жұмыс жасап келеміз. Мен бірлесе атқарған жұмыстарыңыз үшін Сізге алғыс айтқым келеді. Біз сіздермен өзара тиімді ынтымақтастық орната білдік, – деді Қазақстан Президенті.

Джон Уотсон Қазақстан мен «Шеврон» компаниясының ынтымақтастық мәселелерін талқылап, оны әрі қарай дамытуға қатысты пікір алмасуға мүмкіндік туғызғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Кездесуде Джон Уотсон Мемлекет басшысына 2018 жылдың ақпан айынан бастап компанияның бас атқарушы директоры қызметін атқаратын Майкл Виртті таныстырды.


Жаңалықтар
0